Ордабек Дүйсен 2002—2003 жылдары Никколо Паганинидің 24 каприсін ойнап, қазақстандық бірінші скрипкашы атанды. Осы бағдарламамен ол бірнеше рет Қазақстан мен шет елдердің сахнасында ойнады. 2009 және 2011 жылдары Мәдениет министрімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Конституция күніне арналған өнер шеберлерінің концертіне шақырылды. 2010 және 2012 жылдары Астана қаласында өткен Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралардың қатысушысы болды. 2011 жылғы маусым айында Жапония қаласында өткен «Pacific Music Festival» атты классика музыкасының фестивалінде жеке орындаушы және оркестр концертмейстері ретінде қатысты. Фестивальдің ұйымдастыру бөлімінің ойынша Ордабек аталған беделді фестивальде қатысқан тұңғыш қазақстандық музыкант болды. 2011 жылғы қарашасында Даллас Операның 3-ші концертмейстері болып тағайындалды. ТМД елдерінде, Еуропалық Одақта, Азия, АҚШ пен Орталық Америкада гастрольдік сапарға шығып отырады. Қазіргі кезде АҚШ, Форт-Уэрт қаласындағы симфониялық оркестрінде жұмыс істейді. 2014 жылы Австриядағы Грац қаласында өткен «AIMS festival» опера фестиваліне бас концертмейстері ретінде шақырылды.

1998 жылдан бастап ағасы Ілияс Дүйсен, пианист апасы Дина Дүйсенмен  «Duissen-Duo» дуэтінде жеке және камералық жанрда ойнайды. Дуэт өз концерттерін мынадай сахналарда берді: Линкольн орталығы, Вена консерваториясы, Mozarteum. Выступал перед президентами Қазақстан, Ресей, Италия, Украина, АҚШ елдері президенттерінің алдында өнерін танытты. «Duissen Duo» өзінің концерттік бағдарламаларына әлемдік классика шығармаларынан басқа, Қазақстан композиторларының шығармалары мен қазақ халық әуендерін қосады.