Оспан Исаханұлы - «Компания Газ Сторй»ЖШС-ның директоры. 1979 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде дүниеге келген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қызылорда газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-де үйдің ішкі газ құрылғыларына қызмет көрсету слесары болып бастады. 2007 жылы «Нефтегаз инженеринг сервис» ЖШС-де монтаждаушы қызметін атқарды. Сол жылы қызметтегі белсенділігіне сәйкес мастер дәрежесіне ауыстырылды. 2009 жылы «Талаптан+» ЖШС-не директордың газдандыру объектілерінде өндіріс жөніндегі орынбасары қызметіне қабылданды.

2009 жылы «Компания Газ Сторй» ЖШС-ның директор қызметіне тағайындалды. 
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай және тұрмысы төмен отбасыларға 5 жеке тұрғын үйге газ кіргізіп беру және газ қазандығын өз қаржысына алып  қайырымдылық жұмыстарын жүргізді.