Рәбиба Нұржанова – «РК Мұнай» ЖШС-ның бас құрылтайшысы

Тынымсыз еңбегінің арқасында таудай жетістікке жетіп, жаңашылдыққа қаршадайынан бейім Рәбиба Нұржанова 2001 жылы Испанияда өткен дүниежүзілік кәсіпкер әйелдер форумының делегация құрамында болды. Бірнеше рет Астана қаласында өткен іскер айелдер форумына қатысып, Елбасының қабылдауына да барып қайтты. Сонау бір жылдары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сыр еліне келген бір сапарында тынымсыз еңбегінің арқасында ел ішінде абыройы артып, ауыл арасында «Құрманәлінің қайсар қызы» атанған Рәбибі Нұржанованың қолын алып, ризашылығын білдірген болатын.

Үлкенге ізетті, кішіге қамқор бола білген кәсіпкер 11 жанар-жағар май құю бекеті мен олардың жанынан орын тепкен басқа да қызмет көрсету орталықтары, сауда оындары мен қаланың көркіне көрік қосып тұрған «Алтын Сарай», «Жанетта» атты мейрамханаларының иесі атанып кәсібінің қанатын кеңге жайды. Бір кездері қызметін қарапайым есепшіден бастаған ол қазірде аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосып, туған елді көркейтуге атсалысып жүр. Абыройлы ісінің арқасында қатарластарынан оқ бойы озық, қашанда алдыңғы қатардан көрінетін, қарамағында 300-ге жуық қызметкері бар кәсіпкер Рәбибі Нұржанова қай істе де үздік атанып келеді. Қазіргі таңда, облысты жанар-жағар маймен қамтамасыз етіп отыр. Шиелі ауданы Алмалы ауылына үлкен мешіт соғып беріп, сол мешітке демеушілік көрсетіп, тұрмысы төмен отбасыларға көмек корсетіп келеді. Қызмет барысында Р.Нұржанова өзінің кәсіби білімін және біліктілігін, ұйымдастырушылық, іскерлік қасиеттерін, қарамағындағы қызметкерлерге тиісті дәрежеде талап қоя  білетіндігін, басқарып отырған ұжымға деген жауапкершілігін, еңбек тәртібінің және азаматтық-құқықтық қағидаларың қатаң сақтаулуын көрсете білді. 

Қайсар еңбегімен серіктестіктің тұрақты өсуіне, өркендеуіне, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыптастырудағы Елбасының халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындап өңірімізде шағын кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласын дамытып, халыққа сапалы қызмет көрсетудегі белсенді еңбегі үшін «РК-Мұнай» ЖШС-нің бас құрылтайшысы Рәбиба Құрманәліқызы Нұржанова Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік туризм басқармасының қолдауымен биыл 2015 жылы Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өткен бүкіл дүниежүзілік кәсіпкерлердің көрмесіне қатысып қайтты.