Оспанов Рахымберді Оспанұлы 1939 жылдың желтоқсан айында дүниеге келген.

1957 жылы Сарыағаш ауданы Ш.Қалдаяқов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, 1966-73  жылдары Сарыағаш ауданы Жамбыл атындағы орта мектеп директорының орынбасары, аудандық оқу білімінің аға инспекторы қызметтерін атқарды.

1973-83 жылдары аудандағы Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-инетрнатының директор орынбасары,Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры; 1983 жылы тамыз айынан  бері Сарыағаш қаласындағы байырғы білім ордаларының бірі М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры; 2000 жылы Сарыағаш ауданының "Құрметті азаматы" атағы берілді.

2001 жылы Еңбек орденімен; 2005 жылы "Алтынсарин" медальмен марапатталды,  2012 жылы ҚР Тәуелсіздігіне-20 жыл, 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігіне-25 жыл меделімен марапатталған.