Раимжан Саттарұлы 1965 жылы 25 ақпанда ОҚО, Түркістан қаласында дүниеге келген.

Қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі. Бірлестіктің қайырымдылық жұмыстарын үйлестіруші. Бүгінгі таңда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен еңбек және тыл ардагерлеріне, жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттерге қаржылай және заттай көмектер ұйымдастырып, халықтың ықыласына бөленіп отыр. Ұлты өзбек. Отбасылы 5 баланың әкесі. Түркістан қаласы Ататүрік атындағы №17 мектебінің тарих және дінтану пәнінің мұғалімі.