Рауан Кенжеханұлы – инновациялық жобалар жетекшісі

Қазақстан болашағынан үміт күттіретін елдің білімді, саналы жастары. Сондай жас буынның үлгі алып, арқа сүйейтін тұлғаларының бірі - Рауан Кенжеханұлы. Оның әр жобасы елдің ителлектуалды әлеуетін арттыруға бағытталған. Мысалы, «WikiBilim», kitap.kz, bilimland, iMektep, iTest.kz және тағы басқалар.     

2001 жылы Рауан Алматы мемлекеттік универсиететінің «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмәмдайды. Ол оқып жүріп ұлттық дебат орталығының дамуына елеулі үлес қосып, жастар дебаты үшін арнайы бағдарлама жасап шығарды. Кейіннен оны «Хабар» арнасы эфирге жіберген еді.

Рауан 2005-2009 жылдар аралығында Ресейдегі ҚР елшілігінің бірінші және екінші хатшысы, Маңғыстау облысындағы «Қазақстан» арнасының директоры, Маңғыстау әкімінің қоғамдық-саяси кеңесшісі қызметтерін атқарды. Ал 2009-2011 жылдар аралағында АҚШ-қа аттанып, Гарвард универсиетінде «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша дәріс алады. «Дәл осы жерде оқып жүріп, білім саласы мен мемлекетті басқарудағы заманауи технологиямен таныстым» дейді Рауан.

«Бірде маған профессор үш алфавитте де (латын, кирилица, араб) қолданылатын қазіргі линвистикалық платформа ретінде Уикипедиядағы қазақ тілді парақшаны көрсетті. Уикипедия арқылы әлемдегі тілдердің бүгінгі жай-күйін білуге болатын еді. Содан кейін қазақ тілді аудиторияны тартуға шындап кірісе бастадым. Мақсатым – өзім отырып, қазақ тілінде ақпарат жазу емес, осы тілде сөйлейтін барлық адамдардың көмегі арқылы платформаны көтеру» – дейді Р. Кенжеханұлы.

Рауан кіріскен бірінші жылы-ақ Уикипедиядағы қазақ тілді ақпараттардың саны 7 мыңнан екі жүз мыңға дейін артты. Мыңдаған қазақстандықтар қолдап, қазақ тіліндегі платформаны көтеруге қол ұшын созды.

Бұл атқарылған жұмыс WikiBilim қорын құруға ықпал етті. Содан кейін 2014 жылы Google Translate-те қазақ тілі пайда болды, «Хабар» арнасынан Ted Talks лекцияларын тарата бастады және қазақстандық онлайн-кітапхана Kitap.kz дүниеге келді.

WikiBilim қоры – Рауанның білім беру саласындағыалғашқы әрі ірі жобасы. Қор «Ұлттық аударма бюросы» негізінде қайта жасалып, қазірде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жабасымен айналысып жатыр.

Bilim Media Group идеясы қайдан пайда болды?  Рауан үш жасар ұлын ағылшын тілді ортаға тезірек үйрету мақсатында онлайн-ресуртарды іздей бастайды. Іздеу барысында ол қажет тақырыптардың барлығы анимациялық фильмдер арқылы көрсетілетін американдық Brainpop.com сайтына тап болады. Осыдан кейін Рауан біздің аудитория үшін осындай контент жасауға кіріседі. Ол iMektep.kz деп аталды.

iMektep.kz-ті жасап шығу үшін жарты жыл уақыт жұмсалды. Мұнда қазақ мектептері үшін бастауыш сыныптарына арналған бағдарлама ұсынылды. 

«Барлық контенттер flash-технологияда жасалған болатын, олар мобильді телефондарда ашпайтын еді. Ұялы телефондар қарқын алып дами бастағандықтан, біз HTML-5 стандартына көшуімізге тура келді. Бұл бізде орын алған алты жылдағы ең үлкен өзгеріс еді» – дейді Рауан Кенжеханұлы.

Bilimland.kz

Bilimland.kz – мектеп бағдарламасына кіретін ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі анимациялық, видео фильмдер, интерактивті-электронды сабақтар, жаттығу құрылғысы, ойын және тесттер. Ол аз уақыттың ішінде көптеген мектептерде қолданысқа енді. Bilimland.kz-те жалпы жиынтығы 30 мың дәріске жинақталған миллионнан аса мультимедиа файлдар бар. Бұл тек Қазақстандағы емес, ТМД елдері арасындағы ең үлкен білім беру саласындағы электронды банк.

 Open U

Bilimland – мектеп оқушылары үшін болса, Open U университет студенттері үшін жасалды. Мақсат – студенттерге сапалы унисверситет онлайн-курстарын қолжетімді ету. Әзірге КБТУ, Alma U, КазҰТУ және СДУ секілді оқу орындарының қатысумен негізгі мамандықтар бойынша 20 курс жазулы. Кез келген студент өзіне қажет курсты онлайн өтіп, аяқтаған соң емтихан тапсырып, өз бағасын ала алады.

Жоба Гарвард пен MIT өздерінің онлайн-крустары үшін жасаған ТedX платформасында құрылды. Болашақта ағылшын тіліндегі курстар да қосыулы әбден мүмкін.

 iTest.kz

iTest.kz –ҰБТ мен ТКТ-ге дайындық жүйесі, онда қажетті пәндердің мыңдаған сұрақтары жинақталған. Бұл жүйеде барлық сұрақтардың өз лекциясы, түсіндірмесі бар. Белгіленген уақытта тест тапсырып, өз қатеңмен жұмыс жасауға болады.

Kitap.kz

Онлайн-кітапхана 10 мың қазақ әдебиетін топтастырған еліміздегі бірегей ресурс. Kitap.kz-тың бірнеше артықшылықтарын айта кетсек:

Біріншіден, мұнда әр автормен келісімшарт түзілген.

Екіншіден, оқырманға қызықты болу үшін әрбір мұқаба иллюстрациясын суретшілер арнайы салған.

Үшіншіден, қазақ әдебиетінің мектеп бағдарламасына кірген әрбір шығармасының аудио нұсқасы жазылған.

Төртіншіден, кітапхана кез келген қолданушы үшін қолжетімді. Яғни кіру тегін.

BMG бизнес модельіндегі Bilim Media Group ресурсына күн сайын 50 мың қолданушы кіреді, сондай-ақ жартымиллион ақылы тіркелгендер де бар. Мектептер үшін жылдық жазылым 190 мың теңгені құрайды. Ал жеке қолданушылар үшін ай сайынғы жазылым 999 теңге.

Қазір BMG командасы BilimBook (жеке лэптоп-планшет, барлық контент қатқыл дикске орнату) әзірлеу үстінде. Бұл диск кез келген адам үшін білім беру саласындағы көмекші болады. Рауанның мақсаты – қолданушының қалада не ауылда тұратынына тәуелсіз, білім алу деңгейін көтеру.

Қоғам санасын жаңғыртатын не деген сұрақ қойылатын болса, елдің рухани, интеллектуалды әлеуетін арттыратын білімді жастар дер едім. Ендеше, Рауан Кенжеханұлы Қазақстанның 100 жаңа есіміне кіретініне сенімім мол.