Рәзия Садықова – дәрігер

Рәзия Садықова еліміздегі денсаулық сақтау саласының дамуы жолында тер төгіп жүрген білікті дәрігер. Осыған дейін қаншама сәбидің аман-есен дүниеге келуіне септігін тигізді. Науқас жандарды өлімнен арашалап, өмір сүруіне жол ашты.

Ол Қостанай облысы, Урицк қаласында 1950 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. 1974 жылы Целиноград мемлекеттік институтын бітірген. Қазіргі таңда ол «Мирас» медициналық орталығында гинеколог-дәрігер.

Рәзия Садықова медициналық институтты бітірген соң Қостанайдағы перзентхананың Лисаков  қаласындағы емхана бөлімінде акушер-гинеколог болып қызмет етеді. 1987 жылы аталған перзентханада Бас дәрігер болып жұмыс істейді. 3 жыл Алжирдегі Айн-Ель-Хаммам вилая Тизи – Узу ауруханасының перзентхана бөлімінде әйелдер қауымына қызмет көрсетеді.

Қоғамдық медицинада 25 жыл жұмыс істегеннен кейін дәрігер «Мирас» жекеменшік медициналық орталығын ашқан.  Бүгінгі күні орталықта 45-тен астам өз ісінің білікті мамандары қызмет атқарады.

Рәзия Садықова гинекологияда науқастарды емдеудің жаңа әдістерін меңгерген. Жүкті әйелдердің қалыпты жағдайда босануына жауапкершілікпен қарайды. Ол 1991 жылы «Алтын қолды дәрігер», «Денсаулық сақтау саласының үздігі» атағын жеңіп алған. Ал 2005 жылы республикалық байқауға қатысып «Әйел басқаратын үздік кәсіпорын» дипломымен марапатталды.