Римма Рамазанова Рашидқызын небәрі 15 жасында тәтесі Бибігүл Рамазанова спорттық-парашют тобына алып келді. Экстремалды спорттың Риммаға ұнағаны соншалық 2008 жылы Қарулы Күштер қатарында қызмет ету үшін армияға шақырылды. 

«1 сыныпты маман» сыныптық біліктілігі бар. Арнайы атағы «парашюттік-десанттық даярлық нұсқаушысы» және спорттық атағы «халықаралық сыныптағы спорт шебері». Барлығы 1200 парашюттен секіруді орындаған.

Парашюттен секіру түрлері:

- еркін құлаудағы акробаттық фигуралар кешенін жасаумен;

- көрсетілім секірулері;

- нақты жерге түсу секірулері;

- топтық секірулер.

Бірнеше дүркін жеңімпаз және Қазақстан Республикасының және Азия Чемпионаттарының жеңімпазы. Парашюттік спорт бойынша әлем әскери  чемпионатының күміс жүлдегері.

Келесі жарыстарға қатысты:

- 2005 жылы Умм-Аль-Кайваин (Біріккен Араб Эмираты) Азияның мен Океания 9-чемпионатының жарыстарына және Азияның мен Океания 9-ыншы ашық интернационалдық чемпионатының халықаралық жарыстарына қатысты;

- 2010 жылы Қазақстан Республикасының және ҚР ҚК-нің парашюттік спорты бойынша Қарулы Күштердің командалары арасындағы және басқа күштік құрылымдардың жарыстарына қатысты;

-2011 жылы Қазақстан Республикасының еліміздің командалары мен аэроклубтары арасындағы парашюттік спорттан Чемпионатқа қатысты;

-2012 жылы Индонезия астанасының Джакарта қаласында Армиялық спорт бүкіләлемдік кеңес аясындағы Азияның алғашқы әскери чемпионатында халықаралық жарыстарға қатысты;

-2013 жылы Азия мен Океания 15-ші чемпионатының халықаралық жарыстарына және Вухань мен Куанглай қалаларында Азия чемпионатымен қатар өткізілген әскери парашюттік спорт бойынша Қытайдың 37-ші ашық интернационалдық чемпионатына қатысты;

-2013 жылы Қазақстан Республикасының және Қарулы Күштердің классикалық парашюттік спорт түрінен 22-ші ашық чемпионатына қатысты;

-2014 жылы ҚР ҚК Парашюттік даярлық орталығы базасында, 53975 әскери бөлімінің «Бірінші мамыр тоғандары» әуеайлағында және ҚР «Отан» аэроклубының («Бейсерке» әуеайлағы) классикалық парашюттік спорт пен жеке-командалық біріншілік бойынша ҚР ҚК-нің 24-ші ашық чемпионатына қатысты;

-2015 жылы Таиюань қаласында (Қытай халықтық республикасы) Азия чемпионатымен қатар өткізілген әскери парашюттік спорт бойынша Азия мен Океания 17-ші чемпионатының халықаралық жарыстарына және Қытайдың ашық интернационалдық чемпионатына қатысты;

-2016 жылы Түркия Республикасындағы «Каблан жолы-2016» халықаралық оқу-жаттығуларына қатысты.