Бейнеу кентінде подполковник Р.А.Қалиевтің басқаруымен 99116 әскери бөлімі құрылды.
2016 оқу жылында 99116 әскери бөлімі үлкенмасштабты «Қаратау-2016» оқу жаттығуға қатысып барлау роталары жауынгерлік тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік шекаралар маңына лақтырылды, Қазақстан және Өзбекстан шекарасы арқылы өтпек болған тәртіп бұзушыларды ұстап, оларды Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметшілерінің қолдарына тапсырды, осы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен марапатталды.
Қазіргі уақытта 99116 әскери бөлімінде жұмыс істемейтін әскери техника және қару-жарақ жоқ, техниканың дайындық коэффициенті -1.0 құрайды, бөлімнің техникасы мен қару-жарағы ұрыста қолдануға дайын.
2005 жылы Пәкістанда өткен «Алтын үкі» лаңкестікке қарсы курстарын меңгерді. Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы «Ангрей» полигонинда өткен «Весна-2007» лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуға қатысты, «Матыбұлақ» Гвардейск қта өткен «Взаимодействие-2009» және ШОС аясында өткізілген «Бейбіт миссиясы - 2010» жаттығуларына белсенді қатысты.