Рысбек Ергебекұлы – саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ардақты ұстаз.

Алғашқы еңбек жолын 1955  жылы Келес ауданы «Жуантөбе» атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Кейіннен 1962 жылы Сарыағаш ауданы «Жуантөбе» атындағы орта мектеп директорының орынбасары қызметіне көтеріліп, өз мінгдетін 1982  жылға дейін абыроймен атқарды. Еңбегі еленген ардақты ұстаз 1982 жылы Келес ауданы «Жуантөбе» атындағы орта мектептің директоры болып тағайындалды. 1995 жылы  зейнеткерлікке шықты. 1989 жылы Қазақ ССР-нің Халық ағарту ісінің озық қызметкері атағын алса, 1991 жылы Еңбек ардагері төсбелгісі табысталды. Сарыағаш ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді, ал 2001 жылы Еңбек ордені, 2005 жылы "Алтынсарин" медальімен марапатталды.