Рита Сұлтанғалиева – филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Рита Бекжанқызы филология саласында көркем драма поэтикасы, шығыс халықтары мен шетел әдебиеті сынды ғылыми жұмыстар, оқу құралдарын жазып, Чехия, Греция, Германия, Италия, Франция, Үндістан т.б. елдердің ғылыми басылымдарына мақалалар жариялап жүрген оқытушы. Ол ешқашан бір орында тұрмай, алға жылжып, жаңа ғылыми жұмыстың жетегінде жүреді.

Рита Бекжанқызы кафедрадағы, университеттегі және облыста өткен мәдени-көпшілік жұмыстарға, бірнеше ғылыми-практикалык, ғылыми-теориялық конференция мен облыстық, республикалық, халықаралық семинарлардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі шараларына белсене араласып келеді.

Ол 1984 жылы 2 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлан ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Бұлан орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, 1997 жылы Орал қаласындағы № 11 С. Сейфуллин атындағы Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына ауысады. Мектеп қабырғасында жүріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен облыстық олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанады. 2001 жылы аталған мектепті үздік аяқтайды

Рита Сұлтанғалиева 2001 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы грант бөліміне түсіп, 2005 жылы универсиетті үздік бітіріп, «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша аспиарнтураға жолдама алады. Ғылыми өсу барысында 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аспирантурасын үздік дипломмен аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде профессор С. Мақпырұлының ғылыми жетекшілігімен қазақ әдебиетінен «С. Мұқанов романдарындағы диалог қолдану ерекшелігі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғайды.

Рита Сұлтанғалиева М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі қызметін 2009-2010 оқу жылында бастайды. Осы оқу жылдарында оқытушы бірқатар жұмыстар атқарады. Қазақ филологиясы кафедрасында қазақ әдебиетінің әр кезеңінен жоғары деңгейде дәрістер өткізіп, семинар сабақтарын жүргізеді.

Қазір көптеген ғылыми мақаласы республикалық ғылыми басылымдар мен республикалық, халықаралық конференция жинақтарында жарияланып келеді. Р.Б. Сұлтанғалиеваның кандидаттық зерттеу нәтижесінде жазған «Der Dialog als Mittel der Charakterbildung im Roman “Botagoz” von Sabit Mukanov» атты ғылыми зерттеу жұмысы «Turkvolker und andere Ethnien» (Германия, Берлин) жобасы аясында жарияланған, алғашқы оқу жылында ф.ғ.д., академик Т. Кәкішұлының ғылыми редакторлығымен «С.Мұқанов романдарындағы диалог қолданысы» атты монографиясы жарық көреді.

Рита Бекжанқызының ғылыми мақалалары Ресей, Украина, Қырғызстан, Түркия, Қытай, Польша, Чехия, Греция, Германия, Италия, Франция, Үндістан т.б. елдердің ғылыми басылымдарында жарияланды.

Оның жетекшілігімен дайындалған студенттердің ғылыми жұмыстары университетішілік, облыстық, республикалық конференцияларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Өткен оқу жылында Рита Бекжанқызының жетекшілігімен орындалған «Қазақ әдебиетіндегі әке мен бала проблемасы» тақырыбында жазылған студенттің ғылыми жұмысы ЖОО студенттері арасындағы республикалық үздік ғылыми жобалар байқауында бірінші орынды иеленсе, «Бауыржан Момышұлының өнердегі тұлғасы» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы республикалық СҒЗЖ байқауында жүлделі екінші орынға ие болды.

Ғылыми-әдістемелік жағына да терең мән бере отырып, оқу-әдістемелік құралдарын да жариялап келеді. «Көркем драма поэтикасы» атты авторлық жұмыс оқу бағдарламасы мен Республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен «Шығыс халықтары әдебиеті» оқу құралы және және «Шетел әдебиеті» атты оқу құралы мен электронды басылымы да жарық көрді.