Руслан Боранбаев – Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері

Руслан Боранбаев – 1981 жылы 31 шілдеде Атырау облысында дүниеге келген. Бүгінде ол Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» Атырау қалалық отряды №2 Өртке қарсы қызметінің старшинасы. Лауазымдық міндеттерін адал атқарып, қызмет барысында өзін өзгеше қырларымен көрсете білген ол - кәсіби сауатты, білікті маман иесі.  Ол өрт сөндіру және бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары бойынша жеке құрамның жауынгерлік дайындығын күшейтуге үлес қосып келе жатқан азамат. Өрт сөндіруде тәжірибесі мол.  Руслан аталған сала бойынша 2004 жылдың наурыз айынан бастап мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет етеді.

Яғни, ол бірнеше рет «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ, «Полипропилен» АҚ және Атырау қаласындағы нысандарда болған күрделі және ірі өрттерді сөндіруге қатысты. Адам өмірін құтқаруда Руслан Боранбаевтың іс-әрекеті өзінің ісіне деген адалдығы, Отанға деген сүйіспеншілігі мен парызы көпке үлгі.

Руслан 2013 жылдың 26 желтоқсанында Атырау облысының «Жыл адамы - 2013» жобасы бойынша бірнеше рет адам өмірін құтқаруда өз ісінің үздігі деп танылып, ең жоғары атаққа ие болды. Тәртіптік жазаға тартылмаған.