1970 жылы 27 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федеровка ауылында өмірге келген. 

1-сыныпты ұшқыш болып табылады, әскери-көліктік авиация ұшқышы, Як-18, Ан-26, Ан-72 және С-295 ұшақ түрлерін меңгерген. Жалпы ұшуы 3500 сағатты құрайды.

«Бейбіт аспан», «Өзара іс-қимыл», «Жауынгерлік достастық», «Дала қыраны» халықаралық оқу-жаттығуларына, «KADEX» және т.б. қатысқан, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне, Жоғарғы бас қолбасшының қатысуымен Гвардейскіде Отан қорғаушы күнін мерекелеуге орай өткен әскери парадта әскери қызметшілерді десанттау мен түсіруді жүзеге асырды. Тактикалық және халықаралық оқу-жаттығуларында тапсырмаларды үздік және сапалы орындағаны үшін ҚР Президенті, ҚР Қорғаныс министрінің және ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының алғысына ие болды.

2016 жылы С-295 әскери-көліктік ұшақ экипажы құрамында Қазақстан Республикасының азаматтарын РФ Санкт-Петербург қаласынан Астанаға тасымалдау бойынша гуманитарлық көмек жасады.

ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК-нің әскери қызметшілеріне отандасымыз омыртқасынан айтарлықтай жарақат алған Санкт-Петербург политехникалық университетінің студенті Ақжарқын Махамбетованың отбасы сұрауына бойынша жедел отадан кейін қызды Қазақстанға тасымалдау қажет болды. С-295 ұшағының экипажы майор Азамат Молдахметовтің басқаруымен тапсырманы сәтті аяқтады.

ҚР Әуе қорғанысы күштері, Әскери әуе күштерінде штаб бастығы қызметінде.