Руслан Нұрмұхамедов – спорт шебері

 

Руслан Нұрмұхамедов спорт саласының дамуына ерекше үлес қосқан спортшы. Ол халықаралық, республикалық дәрежедегі додаларда топ жарып, бірнеше рет көк туымызды көкте желбіреткен ел азаматы.

Ол 1980 жылы 3 сәуірде Қостанай облысы, Рудный қаласында дүниеге келген.

Бүгінде ол Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қуат" спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының атқарушы директоры қызметін атқарады.

Руслан Нұрмұхамедов 1997-2002ж.ж аралығында Рудный Индустриялық институтын «инженер – құрылысшы – технолог» мамандығы бойынша, ал 2014-2016ж.ж Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. 2001-2008ж.ж хоккейден кәсіби ойыншы болған ол 1997 жылы Швециядағы Әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасына қатысып, Қазақстан Чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанды.

Сонымен қатар «Горняк» ХК-мен басшылық етуімен 2014 - 2015 маусымындағы жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасындағы шайбалы хоккей бойынша Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында қола медальға қол жеткізді. Ал 2015 жылғы тамызда «Горняк» хоккейшілері Қазақстан Республикасының кубогын жеңіп алды.

Руслан Нұрмұхамедов 2015 жылы «ҚР Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер» орденімен, 2017 жылы Рудный қаласының 60-жылдығына орай Рудный қаласы әкімінің медальімен марапатталған.