Руслан Омаров-жеке кәсіпкер

Руслан Омаров 1983 жылы дүниеге келген. Жастайынан өз ортасында пысықтығымен көзге түскен Руслан, қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» қорының грант иегері атанып отыр.

Соңғы алты жылда ол әртүрлі салада өзін сынап көрді. Мәселен 2011 жылы «Еуразиялық энергетикалық корпорациясында» жастар кеңесінің төрағасы ретінде бастады. Содан кейін ол «Екібастұз» атты ашық аймақтық КВН лигасының директоры болып жұмыс істеп, кейінірек жастар қоғамдық бірлестігі «Солтүстік Альянста» қызмет етті. Сондай-ақ жергілікті түнгі клубтың көркемдік жетекшісі болуымен қатар, Екібастұз қалалық «Алтын Dauys»  тележобасының жүргізушісі болса, содан кейін жастар ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Университеттеріндегі жұмыстарынан кейін Руслан омаров, туған қаласындағы «Апельсин» спорттық-ойын-сауық кешенінің көркемдік жетекшісі және маркетолог қызметін атқарды.

2016 жылдан бастап ол өз бизнесін дамытуын қолға ала бастады. Ол үшін кәсіпкерлерге арналған түрлі жарыстар мен тренингтерге қатысып, нәтижесінд қалалық «START-UP»  байқауында жеңіске жетіп, сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорының грантын жеңіп алды.