Руслан Смағұлов-фермер

Руслан Смағұлов 1988 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Фёдоровка ауылында дүниеге келген. Ауылдың өмірімен жақсы таныс болған ол, жергілікті жерін көркейту мақсатында фермерлік жұмыспен айналыса бастады Ауыл шаруашылығындағы ұйымдастырушылық қабілеті мен терең білімінің арқасында, қазіргі уақытта ең үздік фермерлердің қатарында. «АгроДаму» ЖШС кәсіпорнын ашқан Руслан, ауыл шаруашылығымен айналыса алатын мамандарға жаңа жұмыс арнын ашып берді. 2013 жылдан бастап, аталмыш ферма ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуда үлкен үлесін қосып отыр.

Сонымен қатар, дәнді дақылдардың сапасы арттыру үшін, Р.Смағұлов ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге арналған заманауи технологияларды пайдаланып, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктердің химиялық қорғаныс өнімдерін пайдаланумен қатар, егіс алқабы құлдырап кетпес үшін барын салуда.