Рүстамхан Сайтходжаев – Қазақстан Театр қайраткерлері одағы мүшесі

Рүстамхан Құрбанходжаұлы театр өнерінің нағыз шебері, ол бірнеше рөлдері үшін үздік танылып, өзінің нағыз әртіс екенін танытып келеді. Республикалық бірнеше фестивальдерде көзге көрініп, алғыс хаттармен марапатталған.

Ол 1979 жылдың 23 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Сайрам ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Ташкент қаласындағы мәдениет техникумына «Актерлық және режиссерлық» факультетінде білім алған.

2012 жылы Қазақстан педагогикалық университетінің «Музыкалық білім» мамандығы бойынша Бакалавр академиялық дәрежесін алды. 2004 жылдың 7 ақпанынан облыстық өзбек драма театрына әртіс қызметіне жұмысқа қабылданып, осы уақытқа дейін жұмыс істеп келеді.

2006 жылы өткен облыстық «Көктем-теат-сахна-2006» фестивалінде «Көрермендер көзайымы» дипломының иегері болды. 2011 жылдың наурыз айында Республикалық «Театр көктемі – 2011» фестивалінде Ш.Башбековтың «Зордан зор шықса» спектакліндегі қызметші рөлі үшін «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясының иегері атанды. 2011 жылдың  17 – 18 мамыр күндері Көкшетау қаласында өткен Орта Азия, Грузия және Балтық елдерінің жас режиссерлеріне арналған шығармашылық лабараториясының аясында қазақстандық жас режиссерлер қойылымдарының  Халқаралық байқауында театр ұжымы Р.Сайтходжаев сахналаған У.Хашимовтың «Тойлар құтты болсын!» спектаклімен қатысты. Байқау қорытындысына сай Р.Сайтходжаев шілде айында Москва қаласына барып, біліктілігін арттырып келді. 2013 жылдан қазіргі таңға дейін «Мырза» театрының мүшесі және актері.  2015 жылы өткен ІІ - Әлем әзілі фестивалінің лауреаты атанды. «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында 2017 жылдың 8 мен 12 шілде  аралығында Астана қаласында Қазақстан ұлттық (этникалық) театрларының IV республикалық фестивалінде Л.Соловьевтің «Қожанасыр Сайрамда» спектакліндегі  Сарайдағы гарем басшысы рөлі үшін «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды.