Садық Аулбеков – жеке кәсіпкер

Садық Сарыбайұлы 2011 жылы бақша өсіруден гектарынан 20 тн/га  өнім алып, «Облыс чемпионы», 2014 жылы мал шаруашылығы бойынша асыл тұқымды қазақтың шылшықты қой өсіруден (100 бастан 85 қозы) чемпион атанған білікті маман.

1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы, Көксу ауылдық округінде дүниеге келген. 1973 жылы Мақтаарал ауданындағы мектеп-интернатта білім алған. 1984 жылы Сібір қалалық автожол институтын «Механик» мамандығы бойынша бітірген. 1989 жылдан бері ауданда ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп келеді. Аудан және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. Шардара ауданындағы тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. 2014 жылдан бері мал тұқымын асылдандырумен айналысады.