Сағи Зульфухарұлы Бейсенбеков – жоғары санатты дәрігер.

Медицина ғылымдарының кандидаты, Жамбыл облыстық ауруханасының бас дәрігері. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұстанымдағы бұл азамат тек пациенттерімен жұмыс істеп қана қоймай, көптеген ғылыми-практикалық журналдарға, жинақтарға 70-тен астам ғылыми мақалалар жариялаған. Екі монография жазған білікті маман Халықаралық және республикалық конгресстерге, дәрігерлердің конференциясына жиі қатысып тұрады. Ауырып ем іздегеннен гөрі ауырмайтын жол іздегенді жөн санайды.