Сағынбек Бейскеев – «Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ – нің басшысы

Сағынбек Жаңбырбайұлы 1985 жылы Қарағанды облысынан дүниеге келген. Ол ісінің нағыз маманы, әрдайым өнерлі жастарды қолдап, олардың өсу жолында белсенді жұмыстар атқарып келеді.

Еңбек жолын 2002-2003 жылдары 14805 әскери  бөлімінің клуб бастығы болып бастады. 2003-2007 жылы келісім-шарт бойынша әскери қызметкер 14805 әскери бөлімінің әскери оркестрдың бас нұсқаушысы болды. Ал  2007-2013 жылдары «Өнер және спорт мектебі» КМҚК – нің психологы қызметін атқарса, 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ – нің басшысы қызметін атқарып келеді.