Сағыныш Сабыржанқызы Намазшамова – 1978 жылы Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қосағаш ауылында туған. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1999 жылы осы факультеттің магистратурасын бітірген.  Қазір Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінде бас маман. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері. 2007 жылы «Арыс» баспасынан «Бақыттың бағасы», 2009 жылы «Төрт бөрі» баспасынан «Сағыныш» атты жыр жинақтары жарық көрді. 

  • Республикалық жас ақындардың «Толқыннан толқын туады», «Ай нұры» жинақтарына өлеңдері енген; 
  • 2007 жылы «Арыс» баспасынан «Бақыттың бағасы», 2009 жылы «Төрт бөрі» баспасынан «Сағыныш» атты жеке жыр жинақтары жарық көрді;
  • кейінгі жылдарда Анна Ахматованың, Белла Ахмадулинаның бірқатар өлеңдерін аударып жүр;
  • 2007 жылы Астанада өткен шығармашыл жастардың «Шабыт» фестиалінің «Поэзия» номинациясында 1 – орынға ие болды;
  • 2015 жылы ҚР Президенті Жарлығымен Мемлекеттік стипендия иегері атанды;
  • «Жұматай – жыр қағаны», Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған «Ел мен Ер» және басқа да республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.