Сайран Рамазанов – «Еңбек ардагері»

Еңбек жолын Мамлют ауданындағы «Дубровинский» кеңшарынан бастаған Сайран Миронұлы зейнет жасына дейін механизатор, тракторшы және комбайншы қызметтерін атқарған. Тың жерлерді игеруде маңдай тері сіңген майталман ауыл шаруашылығы маманы.

Әр жылдары тек қана жоғары жетістіктерге жеткен С.Рамазанов Мамлют ауданында ең бірінші болып 3 және 2-ші дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерін иеленген азамат. Сондай-ақ оның «Тың жерлерді игеру үшін» және «Еңбек ардагері» атақатарын иеленген.