Бармағамбетова Сақыпжамал 2002 жылы 16 сәуірде Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. Шахматтан «Спорт шеберлігінің» кандидаты, сондай-ақ 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Ресей Федерациясының Ханты-Мансийск қаласында өткен Әлем чемпионатының қатысушы.

2015 жылы Шымкент қаласында шахматтан (классика) өткен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның Кубогінде ІІ-орын, 2015 жылы Шымкент қаласында шахматтан (блиц) өткен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның Кубогінде ІІ орын, 2016 жылы Бурабай қаласында шахматтан (классика) өткен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның чемпионаты ІІ орын, 2016 жылы Бурабай қаласында шахматтан (рапид) өткен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның чемпионаты ІІ-орын, 2016 жылы Шымкент қаласында шахматтан (рапид) өткен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның чемпионаты ІІІ орын, 2017 жылы Щучинск қаласында шахматтан (рапид) өткен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның чемпионаты ІІІ орын иегері.