Идирисов Саламат Нұрмұханұлы - Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылым жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты.

1974 жылы 9 ақпанда Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Индер ауданы, Өрлік ауылында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың (2005 ж, 2007ж., 2011 ж., 2016 ж), Атырау облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен (2005 ж), Облыс әкімі Алғыс хатымен (2007 ж., 2011 ж.), жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» (2010 ж) белгісімен, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығының еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жаңа буын мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі үшін «А.Байтұрсынов атындағы қола медальмен» (2014 ж.), Атырау қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен (2016 ж.) марапатталған.
Еңбек жолын 1996 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Информатика негіздері және есептеуіш техника» кафедрасына оқытушы болып бастады.
1998 ж. - «Информатика және оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы.
2000 ж. – университет типографиясының директоры, сол жылы желтоқсан айында қайта құрылған Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы Полиграфия бөлімінің меңгерушісі.
2003 ж.- Жаңа ақпараттық технологиялар орталығының директоры.
2006 ж.- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Информатика кафедрасының доценті академиялық атағы берілді.
2009 ж. - Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы
2011 ж. - Ақпараттық технологиялар орталығының директоры.
2012 ж. - Қашықтықтан оқыту факультеті деканы.
2013 ж. - Әкімшілік-шаруашылық департаменті директоры, Қашықтықтан оқыту факультеті деканы
2015 ж. - Қашықтықтан оқыту факультеті деканы.
2016 ж.бастап - Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор.
2009 жылдың 31 наурыз күні 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін БД 14.61.02. біріккен диссертациялық кеңесінде «Жоғары оқу орнының білім беру үдерісінде студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты тақырыпта диссертация қорғап, 21 мамыр 2009 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.3 оқу-әдістемелік құралы, 1 монография, 50-ден аса ғылыми мақалалар, оның ішінде имфакт-факторы жоғары SCOPUS және РИНЦ журналдарында 6 ғылыми мақаласын жарияланды.