Сәлім Бүркітбаев 1938 жылдың желтоқсанында дүниеге келген.

Ол 1966-1992 жылдар аралығында тергеу саласында қызмет атқарып, 1970 жылы және 1979 жылы Қазақстанның ұздік тергеушісі атағын алған.

1992 жылы лейтенант шенінен палковник шеніне дейін өсіп, зейнеткерлікке шықты. 1996 жылы Курорт-Сарыағаштан минералды су шығарып кәсіпкерлікпен айналысқан. 2000 жылдан бастап Жібек жолы ауылдық округі бойынша ардагерлер ұйымының төрағасы қызметін атқарған. Жібек жолы ауылында "Расулқожа" және "Алтай" мешіттерін салуға тікелей басшылық еткен. Жібек жолы ауылында ауыл шаруашылық мақсатында 2 гектар  жер алып, жеміс-жидек бауын жасады. Республикалық, облыстық, аудандық ардагерлер ұйымдарынан бірнеше рет мадақтау қағаздарын алған.

Сол сияқты ауданды, облыстық әкімдерінен және мәслихат депутаттарынан алғыс хаттар алған. "Жеңістің 65 жылдығы" және "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-20 жыл" медальын алған. 2017 жылы Ардақты ардагер деген атақпен куәлікпен төс белгісін алды.