Самет Мамыров – Түлкібас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Түлкібас аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры

Самет Сатыбалдыұлы 36 жылдан бері спорт саласында қызмет атқарып келеді. Ол халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, Әлем біріншілігі және кубогының жеңімпаздарын дайындады. Аудан спортының дамуына ерекше үлес қосып келеді.

1958 жылдлың  15-қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген.

2001 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Түлкібас аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директор қызметін атқарып келеді.  Оның директорлық қызметі уақытында дзюдодан  халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем біріншілігі және кубогының жеңімпаздары, еркін күресінен Лондон олимпиадасының қатысушысы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпаздары, Азия ойындарының жүлдегерлері, еркін күресінен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпаздары тәрбиеленіп шыққан. Қазіргі таңда, көптеген шәкірттері халықаралық спорт шеберлері, ҚР Еңбегі сіңген спорт шеберлері атағына ие. Самет Сатыбалдыұлы "Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекелік медалі, аудан әкімі, ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарымен мараптталған.