Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы- Алматы қаласы, Түркісіб ауданы С. Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.  20 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты ұстаз.  Ұстаз қашанда білімі мен біліктігін шыңдап, үйренгенін шәкіртінің бойына дарытатын ірі тұлға. Қашанда ізденіс үстінде жүріп, ғұмыр бойына азық болар біліммен сусындату кез-келгеннің қолынан келе бермес жүгі ауыр мамандық.  Сандуғаш Зарыққанқызы солардың бірі емес бірегейі. Білім саласында жеткен жетістіктері саусақпен санап аларлықтай емес. Ауданының «Жыл мұғалімі» байқауының ІІІ-орын иегері.  Педагогика саласы мен «Эрудит» интеллектуалды білім порталының дамуына қосқан үлесі үшін- «Үздік маман» төс белгісімен марапатталған.  2015-2016 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша I-орын, қала аралық VII-орын иеленген.  Сандуғаш Зарыққанқызының білім саласына жаңашыл көзқараспен қарайтын заманауи оқытушы.  Заманның талабына сай заманауи технологияларды пайдаланып, көштен қалмауды алға тартып,шәкірттерін де қашанда соған үндейді.

«Ұстаздар жаңалыққа шөлдеп жүр»  атты алғашқы мақаласында еліміздегі мұғалімдердің білім беру жүйесіндегі өзгерістерге қаншалықты дайын екендігі жайлы айтады.  Сандуғаш Зарыққанқызы өзін ғана дамытып қоймай, жалпы ұстаздар қауымының көш ілгері болуын талап ететін ұстаз.  Мұғалімдердің дайындығы үшін бағдарламалық курстарды теңестіру мақсатында  жаңа басым бағыттар коучинг және сабақтармен тығыз байланыста болуы шарт.  Сандуғаш Зарыққанқызы кәсіпқой салада семинарлар ұйымдастырып, конкурстарға қатысады.  Сонымен қатар, нағыз тіл жанашыры, біршама жобалардың авторы ретінде «Қазақ тілін үйренудегі креативті тәсілдер» атты республикалық конкурстың қатысушысы.  «Ең үздік сындарлы сабақ» атты қалалық конкурста сабақ өткізген.  Ұстаз шәкіртімен қашанда мақтанады, марқаяды.  Сандуғаш Зарыққанқызының оқушылары аудандық,қалалық, республикалық деңгейдегі  конкурстардың жүлдегерлері. «Ұстаз-батыл, ержүрек болуы керек»,  «Ұстаздар жаңалыққа шөлдеп жүр» ,   «Ұлы еткен ұлылар»,  «Отанды сүйгеннің ойы озық»,  «Абайдың табиғат лирикасы»,  «Б.Момышұлы – истина и легенда»,  «Қазақ тілін оқыту жолдары», «Поэзия тамшылары» атты ашық сабақтары мен мақалалардың авторы. 2017 жылы ‘’tarbie.org’’ сайтынының алғыс хатымен марапатталған және сол сайттың құрмет тақтасына шыққан.  «Мұхтар Шаханов оқулары» атты республикалық конкурсқа оқушыларды дайындағаны үшін 2017 жылы «Тұран» университетінің алғыс хатымен марапатталған. Сандуғаш Зарыққанқызы «Әлемнің мәңгілік ұстаздары» атты білікті және тәжірибелі мамандардың ІІІ Республикалық аналогиясына кірген ұстаз.