Санджар Рыспеков-мұғалім

Санджар Рыспеков 1993 жылы 23 мамырда Павлодар облысы, Қашыр ауданында дүниеге келген. Мектеп кезінде ағылшын тілін көп оқып, сыныптастарының ішінен озық болатын. Мектепті бітіргеннен кейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына түсті. Оқудан озат болып шыққан ол, қазіргі таңда Қ.Оспанов атындағы орта мектепте, Қазақстанның болашақ жастарына ағылшын тілін оқытуда.

«Дипломмен ауылға» атты  мемлекеттік бағдарлама аясында Қашыр ауданындағы мектепте жұмыс істеумен қатар, жас мұғалімдер кеңесінің төрағалық қызметін атқаруда. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының мүшесі және аймақтық іс-шаралардың белсенділерінң бірі.

2015 жылы білім саласына елеулі үлес қосқаны үшін мемлекет басшысынан алғыс хат алды.