Сара Әмірханова – оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіруде, дамытуда түрлі жұмыстарды, озық технологияларды пайдаланып, әдіс-тәсілдерді үнемі түрлендіріп отыратын ұлағатты ұстаз

Мен Әмірханова Сара Бекетқызы, 2000 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университетін «Үздік дипломмен» бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықтым. 2005 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университетінің Магистратурасын бітіріп «Филология магистрі біліктілігі мен академиялық» дәрежесі берілді. Еңбекші жалпы орта мектебінде 2001 жылдың қыркүйек  айынан бері өз дипломымдағы мамандығыма сай қызмет етіп келемін.

Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым:өз ойын нақты жеткізіп, шешен де ойлы сөйлей білетін рухани бай, дүниетанымы жан-жақты дамыған, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу; әдебиет, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу; ойын ажарлап ашуда оқушының тіл шеберлігіне мән беру; қосымша әдебиеттер оқып, өз білімімді күнделікті толықтыру; «сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген сөздермен оқушыларды үнемі шабыттандырып отыру;

Оқушылардың қазақ тіліне, әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті сабағымды жан-жақты, түрлі әдістемелік, баспасөз материалдарын, ғылыми әдебиеттерді пайдаланып және оқытудың қазіргі технологияларын енгізе отырып жаңа форматта өткіземін.

Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымды тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты ояту арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп болады.

Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, сауаттылыққа ерекше көңіл бөлемін. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізеді.Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясын жиі қолданамын.Оқушылардың ерекше қызыға орындайтын тапсырмалардың бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру». Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Өркениеттің қарқынды  дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың электрондық, атомдық, ғарыштық деп аталуының өзі адамның ақыл-ойының, санасының жетілгендігінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың білім алу кезіндегі шығармашыл белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері мектеп өміріндегі басты мәселе болып қала береді. Осы орайда бірнеше ашық сабақтар өткізіп, әріптестеріммен тәжірибе алмастым. Ашық сабақтарым «Үлгілі»деп бағаланып, республикалық әдістемелік төл басылымымыз «Қазақ тілі мен әдебиеті» мен «Ұлағат» журналдарына жарияланып келеді.

Қазіргі таңда жаңа форматты мұғалім АКТ-ні жете меңгерумен бірге шығармашықпен,ғылыми ізденісте болуы керек деген қағиданы ұстанамын. Өзім үнемі Интернет ресурстарына түрлі бағыттағы жұмыстарымды жариялап отырумен қатар ,оқушыларымды ғылыми байқауларға қатынастыруды жүйелі түрде ізденіске жетелеп келемін. Мектепетегі «Зерде» кіші ғылыми кеңесінің жетекшісімін. 2016 жылы өзім жетекшілік жасаған оқушыларымның жұмыстарын жинаққа топтастырдым. "Дарынды бала-болашақ данышпан, зерттелмеген құпия"(ғылыми жобалар  жинағы - республика көлемінде таратылды. 2014-2015 жылы «Білім жолы- нұрлы жол» республикалық ұстаздар шығармашылығы топтамасын Еңбекші жалпы орта мектебінің «Ұлағат» желілік қоғамдастығы мүшелерінің еңбектерінің  топтама –жинақ болып шығуына мектеп модераторы ретінде көшбасшылық жасадым.

Оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіруде, дамытуда түрлі жұмыстарды, озық технологияларды пайдаланып, әдіс-тәсілдерді үнемі түрлендіріп отырамын. Өз ойын нақты, көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей алатын рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру бағытындағы әдістемелік жұмысымды әрі қарай жетілдіріп, дамытып отырамын. Отбасылымын, шаңырағымызда 3 ұл,1 қызымызды тәрбиелеудеміз.