Сара Құлым – дзюдошы

Сара 2001 жылдың 11-қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Ол әлем, Азия чемпионаттарының жүлдегері, дзюдо, самбо күресінен Қазақстан чемпионы. Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Сара 2016 жылдың сәуір айында өткен дзюдо күресінен ҚР чемпионы атанды, сол жылы шілдеде Ресей Федерациясында жалауы желбіреген Азия чемпионында самбо күресіне 3-орын иеленді. Өткен жылы Түркістан қаласында  өткен самбо күресінен ҚР чемпиондық тәжін киді, 2016 жылдың желтоқсан айында Кипр мемлекетінде болған самбо күресінен әлем чемпионатында 3-ші сатыдан көрінді.  Сол жылы Ресейдің Саха елінде өткен "Азия балалары" ойындарында самбо күресінен 38 келі салмақ дәрежесінде белдескен Сара қолаға қол жеткізді.

Үстіміздегі жылы Туркия мемлекетінде болған Еуропа кубогінде самбо күресінен 3-орын, Қырғыстанда өткен Азия чемпионатында дзюдо күресінен тағы да үшінші сатыға жайғасты.

Ол – Сарыағаш ауданы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы.