Саян Төлеуғазыұлы – пошта байланыс торабының білікті маманы.

Саян Төлеуғазыұлы – Осакаровка ауданының пошта байланыс торабына 2009 жылдың наурыз айында байланыс операторы болып жұмысқа қабылданды. Жұмыс барысында жарты жылдың ішінде жоғарғы қабілеттілігінің арқасында, кейінгі бақылау тобының координатторы 1-ші дәрежелі маманына дейін көтерілді. Аз уақыттағы жұмыс тәжірибесіне қарамастан ол, өзіне бөлініп  берілген қиын да жауапкершілігі мол бөлімшенің жұмысын игеріп әкетті. Өндірістегі шараларды атқара жүріп, екінші жоғары білімін де тәмамдап алды. Саян Төлеуғазыұлы өзін білімді, ұқыпты, шыдамды да сабырлы және жұмысына өте жауапкершілікпен қарайтын маман ретінде көрсете білді. Сонымен қатар компьютерлік техниканы жақсы меңгерген информатика саласының мықты маманы. Осындай қабілеттілігінің арқасында Саян Төлеуғазыұлы  2014 жылы  Осакаров ауданының аудандық пошта байланыс торабы бастығының орынбасары болып тағайындалды. Қазіргі уақытқа шейін осы қызметте жұмысын табысты атқарып жүр.