Сергей Николаевич – ескек есуден оқытушы-жаттықтырушы. Спорттың ерекше түрін жанына серік еткен ол 30 жылдан астам уақыт шәкірт тәрбиелеп, оларды ескек есуге үйретуден шаршаған емес.

1984 жылы Өзбекстанның мемлекеттік дене шынықтыру институтының ескек есуден оқытушы-жаттықтырушы мамандығын тәмамдады. 1983 жылдан бері 30 жылдан астам уақыт жаттықтырушы-оқытушы қызметін жасап келеді. Шымкент қаласындағы №3 (ОРМБЖ) мектебінде ескек есу бөлімінің аға жаттықтырушысы, ескек есуден спорт шебері, ұлтық дәрежелі жаттықтырушы.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хаты», Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің «алғыс хаты», ҚР Президентінің «Алғыс хаты» мақтау қағаздарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сонымен қатар Олимпиада Ойындарының қатысушысын, Әлем кубогінің, Азия ойындарының жеңімпазы мен қола жүлдегерін, Азия чемпионатының жеңімпаздарын, Қазақстан Республикасының 15 спорт шеберін, 8 халықаралық дәрежелегі спорт шеберін жаттықтырған. Қазақстанның  беделін және спортты дамытуға өз үлесін қосып жүрген бапкер, білікті маман.