Сергей Провоторов – Молодежный ауданының АОА емдеу ісі жөнінде директор орынбасары

Сергей Михайлович 1963 жылдың 29-наурызында Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол 1981 ж. КСРО ҚК қатарына шақырылды. 1981 -1983 жж. КСРО ӘТФ авиация механигы мектебінде оқыды. 1983 – 1988 жж. Батлық флоты авиациясы бөлімшесінде әскери борышын атқарды. 1988 ж. келісім-шарттың аяқталуын байланысты, КСРО ҚК қатарынан өз еркімен босатылды.  1988 ж. Қарағанды қ. ҚММИ даярлық курсына түсті. 1989ж. ҚММИ оқуға түсті. 1995ж. «Емдеу ісі», терапевт дәрігері мамандығы бойынша Қарағанды Мемлекеттік Медицина Институтын аяқтады.

1995ж. Молодежный ауданының АОА, терапия бөлімінің ординатор дәрігері қызметіне қабылданды. 1997ж. емдеу ісі жөнінде директор орынбасары қызметіне ауыстырылды.

Сергей Михайлович «Қазақсан Республикасы  денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» төс белгісімен 2007 жылы марапатталды.