Сергей Снурницын-талантты музыкант

Сергей Снурницын 1956 жылы 17 маусымда Омск облысы, Кормилов ауданы, Қызыл Тула ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Федор Константинович клуб жетекшісі болып жұмыс істеп, баян және басқа да музыкалық аспаптарды ойнады. Ал анасы Мария Николаевна жергілікті жерде бастауыш сыныбының мұғалімі болып жұмыс жасады.

1969 жылы Сергей Федорович Есілкөл ауданының «Бойевой» совхозында музыка мектебіне түсті. Мектепті бітіргеннен кейін, ол 1973 жылы Петропавл музыкалық мектебіне оқуға түсіп, 1979 жылы сол мектептің түлегі болды. 2008 жылы СҚМУ-нің музыкалық-педагогикалық факультетінің «дирижер-хор» бөлімінде оқып, жоғары білім алған.

Еңбек жолын алғаш Воронеж мемлекеттік орыс халқының хорында оркестр әртісі болып бастады.

Трудовую деятельность начал артистом оркестра Воронежского государственного русского народного хора. 1993 жылы ол Петропавл қаласына оралып, 1995 жылға дейін облыстық филармонияның әртісі болып жұмыс істеді. 1995 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс және казак әншілер хорының жетекші жұмысын атқаруда.

Сергей туғанынан музыканың үнінде өскен. Ол баянда өте жақсы ойнауымен қатар, поэзия мен музыканы да жазады. Оның шығармашылығын көптеген әртістер мен халық хорлары әлі күнге дейін концерттік бағдарламаларда қолдануда.

Оның шығармашылық өнері орыс және казак мәдениетінің таралуына жол ашады.

Көптеген еңбектерінің арқасында Сергей Снурницин бірнеше рет облыс әкімінің грамотасымен марапатталды.