Сергей Николаевич Вилков – «Қуат» спорт клубы директорының орынбасары

2001 жылдан бастап осы спорт клубында түрлі лауазымды қызметтерді атқарған. Соңғы он бес жылда осы спорт клубына қарасты «Горняк» хоккей командасы зор табысқа ие болды. Мәселен, Сергей Вилков қызметке келгеннен бастап күні бүгінге дейін рудныйлық команда Қазақстан Кубогын, Қазақстанның ашық чемпионатында екі рет күміс жүлде, алты рет қола жүлдені жеңіп алған. Сондай-ақ, Ресей біріншілігінің «А» аймағы бойынша үш рет І орын, бір рет ІІ және V орынды иеленген. 2000 жылы Елбасы Н.Назарбаев және сол кездегі Қостанай облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев екеуі Рудный төрінде жаңа спорт сарайын салтанатты түрде ашқан болатын. Ал, 2001 жылы «Горняк» хоккейшілерін жаттықтыруға С.Ананич тағайындалса, бастығы болып Сергей Вилков тағайындалған болатын. Мінеки, 1958 жылы құрылған команданың жұлдызды шақтары Сергей Вилковтың келуімен басталғанын осыдан-ақ көруге болады.