Серік Аппазов– оркестр музыканты

Серік Құттыбайұлы музыканттар отбасынан шыққан. Ол бала кезінен түрлі аспаптарға жаны құмар болып, 1-сыныпта-ақ «Баян» класына барады. Одан соң муызкалық түрлі жоғарғы білім алып, симфониялық оркестрлерде табысты қызмет етті. Сондай-ақ сахналық цирк тобын құрып, еліміздегі мәдениет саласының өркендеуіне ат салысып келеді.

Ол ОҚО, Кентау қаласында 1963 жылы 22 маусымда дүниеге келді. 1971 жылы Кентау қаласындағы №12 орта мектептің 1 сыныбына барды. Сонымен қатар, музыка мектебінің «Баян» класына қабылданған. 1979 жылы Шымкент қаласындағы музыка училищесінің «Труба» класына оқуға түсіп, оны 1983 жылы бітіріп шықты. 1983-1984 жылдары музыка училищесі симфониялық үрмелі оркестрінің иллюстраторы болып жұмыс жасады. 1984-1986 жылдары Алматы қаласындаға әскери оркестр құрамында қызмет атқарды. 1998 жылдан бастап «Сиқырлы әлем» атты сахналық цирк тобын құрған. 2012 жылдан бері «Оңтүстік-Цирк» МКҚК оркестр музыканты лауазымында қызмет атқарып келеді. Халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде ұйымдастырылған фестивальдер мен конкурстарға жыл сайын «Шади» эстрадалық топ құрамында өнер көрсетіп, бірнеше рет лауреат атанды.