1956  жылы  24  ақпанда  Қарағанды  қаласында  дүниеге келдім. Қарағанды қаласындағы № 74 орта мектебінің  бастауыш сыныбын  бітірдім.

Әкем – Мұстафин Қамзе – 1921 жылы 19 желтоқсан күні туған, Ұлы Отан соғысына қатысып, Қарағанды қаласындағы «Костенко атындағы шахтасында» 20 жылдан астам еңбек етіп «Құрметті шахтер» белгісімен марапатталған. 

Анам – Сағымбаева Амантай – 1928 жылы 7 мамырда туған, 11 баланы дүниеге әкеліп, мәпелеп-тәрбиелеп, өсіріп «Батыр ана» дәрежесін алған, қазір зейнеткер – 89 жаста.

1967 жылы үй-іші Қарқаралы ауданы Бесоба ауылына көшіп бардық.

1972 жылы №8 Бесоба орта мектебінің  8-ші сыныбын бітіріп, 1974 ж. Қарқаралы қаласындағы №72 СПТУ-дың кең профильді машинист мамандығын алдым.

1974 – 1978 ж.ж. Абай Құнанбаев атындағы Саран қ. педучилищесінің еңбек және сызу бөлімінде оқыдым.

1978 – 1982 ж.ж. Жезқазған обл., Шет ауданы, «Ақшоқы» совхозындағы Қызылтау орта мектебінің  еңбек және сызу пәнінің мұғалімі, қосымша: мектеп комсомол ұйымының хатшысы ретінде қоғамдық жұмыс атқардым.

1982 -1985ж.ж. Ақшоқы совхозы комсомол ұйымының хатшысы, сонымен қатар Шет аудандық комсомол комитетінің Бюро мүшесі болдым.

1985 –1986 жж. Ақшоқы совхозы кәсіподақ комитетінің төрағасы, сонымен қатар Қызылтау селолық Кеңесінің депутаты болып сайландым.

1986 –1987 жж. Шет аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы қызметін атқардым.

1987 – 1991 ж.ж. Алматы қаласы жоғарғы партия мектебіне түсіп, кезінде ауыстырылған (1990ж.) Алматыдағы саясаттану және басқару институтын бітіріп, «саясаттанушы» мамандығын алдым.

1991 – 1993 жж. Шет ауданы (Талды)Комсомол селолық Кеңестің депутаты, Кеңестің төрағасы қызметін атқардым. 

1994–1995 жж. Қарағанды обл., Саран қ. әкімшілігінің тілдерді дамыту Басқармасының бас маманы, одан кейін әкімшіліктің әлеуметтік және ішкі саясат бөлімінің маманы, қосымша Абай атындағы педучилищесінде тарих, саясат, мәдениет пәнінің аға оқытушысы болдым.

1995 – 1997 жж. Абай атындағы Саран гуманитарлық- технологиялық колледжінің оқыту және тәрбие жөніндегі директордың орынбасары болып тағайындалдым.

1997 ж. облыстық «Замандас – Современник» жастар газеті редакторының орынбасары, 1998 – 2000 жж. Абай атындағы Саран гуманитарлық-технологиялық колледжі қоғамдық пәндерінің аға оқытушысы, 2000 – 2003 жж. Саран қ. аралас тілдегі №4 ЖББОМ-ң директоры қызметінде болдым.

2003 – 2005 жж. Қарағанды обл. мемлекеттік қызметшілер мен білім қызметкерлерін біліктілігің арттыру және қайта даярлау институтының 1-ші дәрежедегі әдіскері және аға оқытушысы, сонымен қатар, «АРНА – Қарағанды» облыс мемлекеттік қызметкерлері газетінің редакторы қызметін атқардым.

2005 жылы мамыр айында «Ұлы Жеңіс күнінің 60-жылдығы» мерекесіне әулетіміздің мекені Қарқаралы ауданы Бесоба ауылында, білім ордасы № 8 мектебінде оқушы балалар арасында соғыста қаза болған ағамыз Аймұқанов Сансызбайды еске алу шарасында «Ұрпақтар есінде…» атты шығармашылық сайыс өткідім.

2005 – 2006ж.ж. Саран қ. Әкімдігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2006 -2007 ж.ж. Саран қ. Тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің бас маманы қызметін атқардым. 

2007 жылдан бастап  Қарағанды обл. әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық оқыту орталығының» КҚММ-ң аға оқытушысы міндетін атқарудамын.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының тарапынан ұйымдатырылған біліктілігін арттыру курстарында дәріс алып сертификаттарына ие болдым.

2013 және 2014 жылдары VI және VII –ші Астанада өткен экономикалық форумдарына қатыстым, сол жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясының XX және XXI сессияларына қатыстым, және 2007 – 2009 жылдарында Астанада өткен Әлем діндерінің съездеріне қатыстым. 

Творчестволық жүйеде өзім жинақтап шығарған «Ұрпақтар есінде» Ұлы жеңістің 60 жылдығына арналған кітапшам бар, Астананың 10 жылдығына жазған «Менің Аққалам» музыкалық қолдауы бар шағын өлеңім бар. Көп жылдардан бері әр салада жазылып жиналған (бірақ жарық көрмеген)  өлең топтамасы бар. 

Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығымен   3 сәуір  2013  жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталдым.

2015 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасының Ата-Заңы, Конституциясының 20 жылдығына,  Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталдым, 2015 жылы қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдер күні аясында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру саласында тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан үшін Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі Басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

2015 жылы қазан айында Қазақстан Республикасындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейлі той жылында, Қазақстандағы «Бірлік және келісім күні» қарсаңында Қарағанды қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталдым. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің «Алғыс хатымен» марапатталдым, Еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталдым. Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталдым.

Өзімнің әуесім (хобби) шағын өлеңдер жазамын, кітап шығардым, бір-неше өңірлік кітаптардың шығуына үлесімді қостым, кітап жинап тақырыптарға сай көрмелер өткіземін жеке шағын кітапханам бар, үлкен нумизматикалық коллекциям бар (бүкіл Әлемнің 5 мыңнан астам тиындары және бонкноттары  бар. Былтыр (2016ж.) Тәуелсіщдіктің 25 жылдығына орай Қарағанды облысының мұражайында үкен нумизматикалық  көрме өткіздім.  2015 ж. Елбасының Жарлығымен бекіген "100 нақты қадам" Ұлттық бағдарламаның мән-жайын орталықта дәріс алатын мемлекеттік қызметшілерге жеткіземін, сонымен қатар 87-ші қадамдағы "Менің елім" "Қазақстан  Энциклопедиясы"  төңірегінде өңірлік интернет-жоба дайындау үстіндемін. Ақпарат көздерінде жарық көрді. Өңірдегі ақпарат құралдарында жиі жарияланып, теледидар беттерінде көрінемін. Үйде аквариум ұстап әуес болсам, далада қармақпен балық ұстауды жақсы көремін. Таңда спорт зарядка жасап, театр, музейде болғанымды ұнатамын. Жанжақтылық менің ұстанымым.

Шығармашылық «Лақап есімім» Асыл-Серік Мұстапа, жан-ұямда – жұбайым Абдраимова Бақыт Қосанқызы, балаларым – Мұстафин Азамат, Мұстафина Ләззат, үш немерем бар.