Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып, Жиренше шешен, Асан қайғы есімдерімен қатысты қалыптасып, өркендей түсті. Бұқар, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Міне халық ауыз әдебиетінің ерекше жанрын бүгінгі күні жанына жақын тұтқан дарынды жастардың бірі – Серікбол Қайратұлы. Ол – шешендік өнерге жақын, көшбасшылық қасиетке ие, дарынды жас. 

«Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры. 2010 жылы Жамбыл облысының пікірсайысшыларының басын біріктіру мақсатында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігін құрып, қазіргі таңда бірлестік республикалық деңгейде беделді ұйымға айналды.

Жамбыл облысы жастар көшбасшылыққа, шешендік өнерге және ұйымдастыру-басқарушылыққа баулу мақсатында «SANA» оқыту орталығы ЖШС құрып, оқушылар мен студенттерді тұрақты түрде оқытып келеді. Тараз қаласы аумағында аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына қосымша білім беру мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе отырып «Зейін» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Тараз қаласы аумағынла еріктілердің басын біріктіретін «Тоқыма клубы» жобасы іске асырылуда. Жобаның басты мақсатын еріктілер тоқыған киім-кешектер балалар мен сәбилер үйіна, аз қамтылған отбасы балаларына үлестіру.