Серікбол Түсіпбеков – дәрігер

Ол 1996 - 1998 жылдары Қарағанды Мемлекеттік медициналық институты базасында неврология кафедрасының клиникалық ординатурасында оқыды. 1998 – 2000 жылдары  Балқаш қаласының арнайы емханасында невропатолог дәрігері ретінде жұмыс істеді.  Ал 2000 жылы Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасының невралогия бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалып, 2005 жылға дейін осы лауазымда қызмет етті.  2005 - 2006  жылдары «Балқаш қаласының №1 емханасы» КМҚК директорының орынбасары қызметінде болды.

Содан соң, Қарағанды қаласының  Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында невралогия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етсе, 2005 - 2012  жж. «Казахмыс» Корпорациясының «Балхашцветмет» Медициналық-профилактикалық кешенінің бас дәрігері болып қызмет етті. 2012 жылдан Балқаш қаласының «№1Емхана» КМК директоры қызметіне тағайындалды.

Жоғары санаты бар-денсаулық сақтау ұйымдастырушысы.Жыл сайын біліктілігін Қазақстанда және Туркия, Грузия, Ресей меммлекеттерінде арттырады.Қарағанды облысының Денсаулық сақтау Басқармасы басшылығымен, директор  Тусупбеков Серикбол Джахановичтың тәжірибесі мен еңбексүйгіштігінің арқасында 2016 жылы Консультативтік-Диагностикалық Орталық ашылды.

Серікбол Түсіпбеков V шақырылған қалалық маслихаттың депутаты, Балқаш қаласының «Нур Отан» Партиясының политкеңесінің мүшесі, «Маслихатқа 20 жыл»  медалімен марапатталды.