Полковник Ш.С. Жазықбаевтың басқаруымен 2006 жылдың 5 наурыз бен 15 қыркүйек аралығында инженерлік-саперлік жасағының қамтамасыз ету тобы (арнайы бағыттағы) Ирактағы халықаралық ұжымдық қауіпсіздік күштер құрамында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалыптастыру бойынша операцияларға қатысты.

Тапсырманы орындау барысында жасақтың жеке құрамы 22 мыңнан астам әртүрлі модификациялы оқ-дәрілер, мина мен жарылғыш құралдарды жойды. Жасақ мамандарымен қысқа уақытта Ирак Қарулы Күштерінің 151 әскери қызметші саперлары дайындалып оқытылды.

2010 жылғы 15 сәуірде ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері әскери қызметшілерінің құрамында Қырғызстан Республикасы Президенті Құрманбек Бакиевті және оның отбасы мүшелерін эвакуациялау және оларға ілесіп жүру бойынша тапсырманы орындады.

«Мызғымас бауырлық-2013» халықаралық оқу-жаттығуға , «Айбалта-2015», «Айбалта-2016», «Дала қыраны-2015», «Дала қыраны-2016» жаттығуларына, бригадалық-тактикалық жаттығу – 2014 ж. белсенді қатысты.

Әскери мамандардың арасында тұңғыш рет Сағадат Нұрмағамбетов атындағы төсбелгіні иеленген офицер.