Әбдікәрімов Шакизада - Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ол 1956 жылы 16 қыркүйекте Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. ҚАЗМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Алғашқы өлеңдер топтамасы 1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» кітабына енген.

1981-1985 жылдары аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде әдеби қызметкер, 1985-95 жылдары «Байқоңыр» қалалық телекомпаниясында төраға, 1996-1997 жылдары республикалық «Қазақстан теледидары және радиосы» корпорациясының Қызылорда облыстық және Байқоңыр ғарыш кешені бойынша меншікті тілшісі.

1997-1999 жылдары Қызылорда арнайы экономикалық аймағы телекомпаниясының төрағасы, 1999-2000 жылдары Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының құрылтайшысы төрағасы қызметтерін атқарған. 2004 жылдан «Қоғам» газетінің директоры.

Қазір Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы. Алғашқы өлеңдер топтамасы 1975 жылы жас ақындардың "Көктем тынысы" кітабына енген. 1983 жылы "Қарлығаш" топтама кітабында өлеңдері жарық көрген. "Байқоңыр", "Төрткүл" өлеңдер жинағының авторы. Қырғыз ақыны Акбар Рысқұловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. 2001 жылы "Байқоңыр" өлеңдер жинағы қырғыз тілінде жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Бірнеше кітаптың авторы. "Жалын" альманахының редколлегия мүшесі. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері. "Ерен еңбегі үшін", "Байқоңыр ғарыш кешенінің игерудің 50 жылдығы", "Қызылорда қаласының 190 жылдығы" медальдарының иегері.