Шамдәулет Кенебаев – бокс жаттықтырушысы

Шамдәулет Әбжапарұлы 1980 жылдан бері спорт саласында қызмет етіп, Түлкібас ауданының спортын дамыту ісіне белсене ат салысып келеді. Бокстан бірнеше чемпиондарды дайындап шығарды.

1938 жылдың 7-қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген.

1980-2008 жылдар аралығында Шақпақ-баба балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директор қызметін атқарды.  1991 жылдары барлық спорт мектептері жабылған кездері, осы спорт мектебін жапқызбай мемлекеттік мекеме ретінде алып қалған. Сонымен қатар, бокс спорт түрінен көптеген чемпиондар дайындап шығарды, атап айтсақ Байжанов Ануар, Абдуллаев Асқар сынды шәкірттері Азия чемпионы атанды. Аудандағы спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Қзіргі уақытта Түлкібас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Шақпақ-баба балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері. Бокстан жаттықтырушы

Шамдәулет Әбжапарұлы "Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, "Спорт қайраткері" медалімен және Білім министрлігінің, аудан әкімі, ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарымен бірнеше рет мараптталған.