Осин Шамиль Абзалетдинович - «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы.

Қарағанды қаласындағы №1 кәсіптік-техникалық училищені бітірген соң, 1979 жылы еңбек жолын Костенко атындағы шахтада жер асты электр слесарі болып бастады. 1982-1984 жж. Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеді. Білімі жоғары – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 1984-1991 жж. мемлекеттік сауда саласында еңбек етті. 1991-1993 жж. шағын жеке кәсіпорын құрылыс директорының орынбасары болды. 1993-1999 жж. – «Саудажабдықтарыодағы» АҚ-ның Президенті. 1999-2009 жж. – «Шығыс» сауда үйі» ЖШС-нің Бас директоры.

2009 жылдан бүгінгі күнге дейін «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы болып табылады. Ауыл шаруашылығын дамытуға белсене қатысып келеді. Қарағанды қалалық мәслихатының төрт шақырылымына депутат болып сайланған.  2016 жылы Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып табылады.