Шәмші Теміртасқызы – гір тасын көтеруден намысты додаларда Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап жүрген жігерлі жас.  

Шәмші Шәдібекова гір тасын көтеруден 2015 жылды қараша айында Жамбылда өткен  Шайхистамов Тастанбек атындағы турнирде І орын алды.  2016 жылы наурызда өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында гір көтеруден қыздар арасында ІІ орын иеленсе, сол жылы наурызда БҚО Ақсай қаласында өткен Қазақстан Республикасының мектеп және коледж оқушылары арасында 8-жазғы спортакиадада гір спортынан І орын иеленді.