Шарапи Шотанов – ұстаз

Шарапи Тәжібайұлы БҚО Бөкей Орда ауданы, Қасымтау селолық кеңесінде 1951 жылы 1 мамырда дүниеге келген.

1973-1978 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген. 1978 жылдан бастап Ақжайық ауданында,Х.Есенжанов атындағы орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарып, 1983-85 жылдары Ақжайық ауданы, Ш.Онашев атындағы негізгі мектептің директоры қызметін атқарған. 1986-1994 жылдар аралығында Шалқар ауылдық аймағының әкімі. 1994-1996 жылдары Ленин атындағы колхоздың бас экологы қызметін атқарды. 1996 жылдан 2014 жылға дейін Теректі ауданы, Сары өмір ауылы, Х.Есенжанов орта мектебінің директоры, әрі ұстаз қызметін атқарды.

Еңбегі ұшан теңіз, отыз алты жылын бала тәрбиесіне қызмет еткен. Аудан,облыс мақтау қағаздарымен, ҚР Республикасының 10 және 20 жылдық мерекелік медалімен, ҚР Республикасының ағарту ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталған, елгы сыйлы, ауданның құрметті азаматы.