Шымшық Мадалиева еліміздің демографиясының өсуіне үлес қосқан алтын құрсақты аналардың бірі.

2008 жылы Жамбыл облысынан шыққан кеңес заманынд «Батыр ана» атағын алған сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін «Алтын алқа» таққан алтын құрсақты аналар тізімі енген кітап шыққан. Шымшық Мадалиеваның да есімі «Алтын алқалы аналар» атты кітапқа, «Зерде» кітабына енген. 1978 жылы 29 қарашада «Алтын жұлдыз» медалімен, 1990 жылы 14 желтоқсанда «Еңбек ардагері» орденімен, 2007 жылы 9 сәуірде Егемен еліміздің 10 балалы аналарға құрметпен берілген «Алтын алқа» белгісімен марапатталған.