Шыңберген Сүлейменов 1975 жылы 28 шілдеде Қызылорда облысы Арал ауданы Кызылжар ауылында дүниеге келген.

Ең алғаш айтыс сахнасына 17 жасынан шығып, биік белестерді бағындырған. Қызылорда обылысында өткен VІІ ақындар айтысында ІІІ орын (1993), Зейнолла Шүкіров атындағы жүлде үшін өткен айтыста бас жүлде (1994), Арал қаласындағы ақындар айтысында І орын, Қазалы қаласында Бекарыстан би асында ІІ орын (1996), Ырғыз қаласының 150 жылдығына арналған айтыста ІІ орын (1996), Н. Байғаниннің 140 жылдығындағы айтыста ІІ орын (2000), Қызылорда қаласында өткен республикалық «Айтыс – мың жылдық мәртебе» айтысында ІІІ орын, «Асан көтерілісіне» арналған республикалық айтыста І орын (2000), Замаддин Ибадуллаевтың 60 жылдығында ІІІ орын (2000), ҚР Тәуелсіздігіне арналған республикалық айтыста І орын (2001), «Жас Алаш» газетінің 80 жылдығындағы айтыста ІІІ орын (2001), республикалық Ғ. Мұратбаевтың 100 жылдығына арналған айтыста І орын (2002), Байқоңырда өткен ақындар айтысында бас жүлде (2002), Шығанақ Берсиевтің айтысында бас жүлде (2006), «Аламан айтыста» ІІ орын (2007-2008), 
С. Боранбайға арналған республикалық ақындар айтысында І орын (2008) иеленген. "Іздеме", "До ре ми", "Қайран жеңгем" сынды көптеген әндердің авторы.