Шынболат Райханов – армрестлинг спортынан әлемнің екі дүркін чемпионы

Шардарадан шыққан шымыр жігіттің жетістіктері жетерлік. Ол армрестлинг спорт түрінен ел намысын талай додаларда абыроймен қорғап, биік белестерді бағындырып жүр.

Шынболат Сәрсенұлы 1991 жылдың 27-шілдесінде ОҚО, Шардара ауданында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Шардара ауданы әкімі аппаратының инспекторы болып қызмет атқарады.

Ол Қазақстан Республикасының «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», сондай-ақ, 2011 жылғы Шардара ауданының «Жыл адамы» номинациясының иегері, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жыл» мерекелік медалінің иегері атанған.

Шынболат Райханов – әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы (Малайзия, 2015; Болгария, 2016). 2013 жыл Польшада өткен әлем кубогінің иегері, Швейцария, Швеция, Хорватия, Ресей, Тайланд, Индонезия өткен халықаралық жарыстардың чемпионы.