Шыңғыс Сабыров – журналист

 

Шыңғыс Сабыров талантты журналист. Ол «Меңдіқара үні» газетінің редакциясы» ЖШС Бас редакторы. Қызмет барысында асқан жауапкершілігімен, ерекше ізденісімен, терең білімімен, дара талантымен беделді. Шығармашылығын шыңдауда үнемі тер төгіп, еңбек етуден жалыққан емес.

Шыңғыс Сабыров 1985 жылы 27 ақпанда Ақмола облысы Уәлиханов ауылында дүниеге келген. Қостанай педагогикалық колледжінің орыс филология бөлімінде білім алған. 

Ол еңбек жолын облыстық «Алға» журналынан бастайды. Тарановское, Ұзынкөл аудандарының аудандық газеттерінде жұмыс істеген.

Ерекше қабілетімен дарынды журналист Қостанай облысының журналистері арасындағы байқауларда жеңімпаз атанған. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қостанай облысы әкімінің, Меңдіқара аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.