Оразмаханұлы Шынжырбай нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары біліктілік санаттағы нейрохирург дәрігері.


  Ол 1968 жылдың ақпан айының 16 – шы жұлдызында Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Ақмая ауылында (Авангард) дүниеге келген.
  1975 – 1985 жылдар аралығында №49 Авангард орта мектебінде білім алған.
 1985 – 1993 жылдар аралығында Ақтөбенің мемле-кеттік медицина институтының «Емдеу» мамандығы бойынша «Дәрігер» біліктілігін алған. 
 1993 – 1994 жылдар аралығында Қызылорда облыс-тық ауруханасында хирургия мамандығы бойынша интернатурадан өткен.
 1994 -1995 жылдар аралығында Қызылорда медици-на училищесінде анатомия пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. 
 1995 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда об-лыстық ауруханасының Қызылорда облыстық меди-цина орталығының нейрохирург дәрігері, 2006 жыл-дың маусым айынан бастап нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Өзінің негізгі жұмысымен қатар облыс аудандарында мамандандырылған медициналық көмек көмек көрсетіп отырады (жылына 40 – қа жуық).
1). Бас миының ісікте-рі;
2). Жұлын миының ісіктері;
3). Бел омыртқалары-ның дегенеративті ауралары;
4). Жұлын ми және бас миының жарақаттары.
 «Облыстық медицина орталығының» ШЖҚ МКК – ның «ОМО дамуына үлес қосқа-ны үшін» төс белгісі-мен марапатталды. 
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
«Оңтүстік» Аймақтық басқармасы бастығының бұйрығымен «ІІ – дәре-желі Шекара қызметінің үздігі» куәлігімен марапатталды.
Аудан, облыс тұрғындары арасында беделі жоғары.